Жетісу облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Серік Демейовтың айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында өңірде мал ұрлығының 33 жағдайы тіркелген. Жедел іс-шаралар барысында 15 күдікті ұсталып, жалпы шығын 15 миллион теңгеге жетті. Нәтижесінде 6 миллион 250 мың теңге қайтарылды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында. Сонымен қатар спикер мал ұрлығының 70%-ы далада өрістен жасалып жатқанын атап өтті. Мал ұрлығының жалпы 33 жағдайының 13-і ашылып, қалған 20-на жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, мал ұрлығының ең көпшілігі Ақсу ауданында тіркелген.
Одан бөлек, өңірде көлік құралдары, ұялы телефондар мен пәтерлерді ұрлау фактісі де тіркелуде. Биыл бөтеннің мүлкін ұрлаудың жалпы саны 252 жағдайы тіркелді. 23 пәтерлік ұрлықтың 17-сі ашылып, ал телефон ұрлығы бойынша 55 жағдай ұсталып, тәркіленді. Стихиялық тұрақ орындарынан көлік құралдарын ұрлаудың 10 фактісі тіркелді, оның ішінде ауыр санат бойынша 2 қылмыс анықталды.