Кезектен тыс сессия өтті

160

Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының VІIІ шақырылымдағы кезектен тыс 19  сессиясы өтті. Сессияға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, қалалық мәслихат төрағасы Темірболат Ахажан мен депутаттар қатысты.

Күн тәртібінде Талдықорған қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу, Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар,  №2 және №18 сайлау округтары бойынша Талдықорған қалалық Мәслихатына сайланған депутаттарға куәлік пен төс белгі табысталды. Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтаев «ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес 31 наурызда аталмыш сайлау округтары бойынша шығып қалған депутаттарының орындарына сайлау өтті. Кандидаттарды ұсыну кезеңінде 12 азаматтың кандидатурасы ұсынылып, оның 6-ы кандидат ретінде тіркеліп, сайлауға қатысты. Талдықорған қаласы бойынша жалпы 64 сайлау учаскесі болса, оның 10 сайлау учаскесінде сайлау өткізілді. Сайлау хаттамаларының қорытындысы бойынша №2 сайлау округінде сайлаушылардың 84, 9 пайыз дауысын жинаған Мадияр Өмірбаев, №18 сайлау округі бойынша 76 пайыз дауыспен Серік Джансенгиров Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды»-деп ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз