Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің «Таза Қазақстан» акциясына ҮНДЕУІ

64

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясының басталуына орай, облыс орталығында «Таза қала Талдықорған» атты акциясы басталды. Осыған орай, барша қала тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді, мекеме-ұжым қызметкерлерін және табиғат жанашырлары мен еріктілерді қаламызда өтетін сенбіліктерге қатысуға шақырамын!

Сонымен қатар, акция аясында біз, жол жиектерін, арықтарды, саябақтар мен өзен жағалауларын, қоғамдық орындарды және қаламыздың сырт аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартамыз.

Қаланың ішкі көше жолдарын ретке келтіріп, төңірекке ағаш көшеттерін отырғызып, гүл шоқтарын қондыратын боламыз.

Құрметті талдықорғандықтар!

Баршаңызды өткізіп жатқан сенбіліктерге белсенді атсалысуға шақырамын!

Қаламыздың таза, ажарлы болуы ол Сіздер мен біздердің қолымызда екендігін ұмытпайық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз