Талдықорғанда Қайырымдылық күніне орай 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

235

Биыл елімізде наурыз мейрамын ерекше серпінде бастап жатыр. Кеше ғана 14 наурыз Көрісу күні Амал мерекесін тойланса, ал бүгін жақсылық пен жанашырлыққа толы Қайырымдылық күнін атап өтуде.
Осыған орай, талды қаламызда қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Акция барысында көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалардың отбасыларына сый-құрмет көрсетіліп, наурыз тойының сарқыттарынан дәм ұсынылды.
«Наурыз мерекесі қарсаңында келіп, құттықтап тәтті-дәмділерін беріп жатқандарына қуанып қалдық отбасыммен. Осы игі істің басы-қасында жүрген әрбір жанға аналық алғысымды айтқым келеді», — деді көпбалалы ана Айжан Махсудова.
Бұдан бөлек, қайырымдылық күніне орай Өтенай ауылында 10 отбасыға көмек көрсетілсе, ал қала мешіттері мен «Оқушылар сарайында» қайырымдылық акциялары өтіп, әр жанға мейірім қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, Өтенайда ауыл әкімдігінің қолдауымен ауыл тұрғындарына ауызашар берілмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз