ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабы 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 31 наурызға дейін өткен 2023 жыл бойынша мәліметтерді(қолжетімді нысандарды пайдалана отырып) ҮЕҰ Дерекқорына (веб-сайт — www.infonpo.gov.kz) тапсыру керектігін естеріңізге саламыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.