Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері

1603

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілі болғандықтан жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өте өзекті болып барады. Өйткені дәл бүгінгідей боймен емес, оймен жарысатын заманда ғылымды, жаңа ақпараттық технологияны меңгермей жан-жақты дамыған мемлекеттер қатарынан ойып орын алу еш мүмкін емес.

Ағылшын тілін оқушыларға үйрету үшін ең бірінші оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Оқушыда қызығушылық пен ниет болса тіл меңгеру әлдеқайда оңай болары заңдылық. Өз басым оқушыларға ағылшын тілін еркін үйренулері үшінтехникалық және дидактикалық мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланамын. Мысалы, оқушылар ағылшын тіліндегі түрлі мәтінді дискіге микрофон арқылы жазу, мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыту, CD-ROM негізінде мультимедиялық құралдар арқылы мәтінді, дыбысты, графиканы, мультипликация мен бейнені біріктіру жұмыстарын жетік меңгеріп, қайталау арқылы шет тілін еркін меңгеруге талпынады. Сонымен қатар, сабақта бейнефильмдерді қолдану әдісінің берері мол. Нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларымен қорытуға, түсіну, тыңдау кезінде кездесетін қиындықтарды жеңуге, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады. Оқушының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Ұстаз ретінде мен оқушыларға аудиокітаптарды жиі тыңдау керектігін айтамын. Себебі, аудиокітап тілдік дағды мен сөздің қорын молайтуға көп септігін тигізеді. Сонымне қатар, компьютерлік оқыту жүйесінің де пайдасы біршама.Осы әдіс арқылы оқушылар тілді меңгеру үрдісін жекешелендіру, тілді меңгеру деңгейін өзін-өзі бақылаумен қамтамасыз ету, компьютерде жұмыс істеу арқылы тілді үйрену уақытын үнемдеу, ойын элементтерін пайдалану арқылы тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру, әр түрлі материалдар арқылы танымдық мәдениетін қалыптастыруды еркін меңгереді. Жас ұрпақтың білімді болу үшін ұйымдастырушылық-қызықтырушылық формасындағы әдісті атқарылған жұмыстың жемісі мол екенін тәжірибе барысында көз жеткіздік. Нәтижесінде, оқушыларымыздың күн артқан сайын ағылшын тілін жақсы, жан-жақты меңгеріп жатқанына куә болудамыз. Оқушылар тіл туралы білімді белсенді пайдалану керек, өйткені тәжірибе үнемі іс-әрекеттер арқылы өзгеріп отырады. Тілді бақылау хабарларды түсіну және оларды контекстте қолдану мүмкіндігін қамтиды.Интерактивті әдістер басқа мәдениетке енуге мүмкіндік береді. Интерактивті әдістерді қолдану тілді және оны сабақтан тыс уақытта қабылдауды да білдіреді, өйткені әлем саяхатқа, технологияға және ортақ мүдделерге жол ашады. Оқушылар кіріс ақпаратын түсіну үшін қолданыстағы білімді қолданады және олар жаңа ақпаратты белсенді пайдалануы керек, ал кіріспе, интерактивті әдістер мұғалім оқушылардың оқу стилін және сабақта оңтайлы оқуға қол жеткізу үшін оқыту стилін ескеруі керек.Сондықтан көптеген мамандар бұл әдістемені коммуникативті тілдік әдіс деп атайды.

Қорыта келе айтпағымыз, қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын ағылшын тілі – байланыс тілі болғандықтан жастарымыз бұл тілді жетік меңгерулері тиіс. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

Жанар ШАЛИМБЕТОВА, «Алматы облысы білім бақсармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз