Талдықорғандық оқырмандар үшін «Кітап жәрмеңкесі» Оқушылар сарайында ұйымдастырылды

265

 Күні кеше Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырылуымен  кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеге келген тұрғындардың қарасы өте көп. Жәрмеңке аясында кітапхана қызметкерлері «Туған жерін ту еткен» кітап көрмесіне шолу,» Сен білесің бе?», » Кім тапқыр!» викториналық ойындар ұйымдастырды.

Бұл шарада «Атамұра», «Асыл қазына»баспкасы және жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары халыққа қолжетімді бағада ұсынылды.Кітап оқитын,кітапты сүйетін балалар мен олардың   ата-аналары үшін  кітап рухани азық деп ойлаймыз. Әр кітаптың білім көкжиегін кеңейтері сөзсіз.

 Кітап жәрмеңкесі ертең , яғни 9 ақпан күні де жалғасады. Келіңіздер!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз