Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында жаңғыртылған ХҚКО ашылды. Орталыққа аудан әкімі Ұлан Досымбеков және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің басшысының орынбасары Мейірханова Айнұр келді.
Айта кетейік, бұл Жетісу облысындағы екінші жаңғыртылған ХҚКО. Сонымен қатар, халықтың барлық жаңа цифрлық кеңселері азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа цифрлық кеңседе дәстүрлі мемлекеттік қызметтерден басқа, 10 минут ішінде қызмет алуға болатын жылдамдық аймағы, әлеуметтік қызметтер бөлімі, оператордың көмегінсіз келушілер қажетті қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны өз бетінше ала алатын жайлылық аймағы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында оператордың көмегінсіз қызмет алу үшін Ноутбуктер орнатылған. Сондай-ақ, осы аймақтарда қызметкерлер азаматтарды цифрлық сауаттылыққа үйретеді.
«Қаратал ауданында 46 мыңға жуық азамат тұрады. Жаңғыртылған ХҚКО-ға күніне 300-ге жуық клиент келеді деп болжануда. Орталықтың жаңа дизайны мен аймақтарға бөлінуінің арқасында қызметтерді алу одан да ыңғайлы болады», — деді Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиал директоры Самат Иманғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Жетісу облысында он Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Талдықорған қаласында тағы бір жаңғыртылған ХҚКО ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларында азаматтарға 432 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
“Азаматтарга арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы