Бейсен Құранбекке арналған шығармашылық байқау өтті

173

Бейсен Құранбек  – Қазақстан Президенті сыйлығының иегері, журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жетісу» телеарнасының бас директоры, «Айтуға оңай» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі өз заманының белсенді, қажымас қайраткері болды. Тәуелсіздік күні қарсаңында жасөспірімдер арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы өткізілді. Бұл байқауда үй тапсырмасы, эссе жазу, Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берілді.  Облыстық  білім басқармасының «Жетісу дарыны» орталығы  биыл бұл байқауды  «Отбасылық құндылықтар» деген тақырыпта ұйымдастырды.

Аталмыш сайысқа  облыс бойынша 9-11 сыныптан 78 оқушы қатысып, 27 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын-3, ІІ орын-9, ІІІ орын-15, бейнеролик-сюжет бойынша «Креативті көзқарасы мен шығармашылығы үшін» 6 оқушы және эссе  бойынша 5 оқушы, «Ой тереңдігімен ерекшеленгені үшін» номинацияларымен марапатталды.

Еліне адал қызмет етіп, өзінің ісімімен, нақыл сөздерімен халық арасында кеңінен танымал болған жан артында қалдырған мұрасы зор. Осыған орай, атақты журналист Бейсен Құранбектің есімін ел жадында өшірмеу, мұрасын сақтап қалуда жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау жастардың бәсекеге қабілетті болуына, қоғамды дамытуға бағытталған инновациялық ойлауын қалыптастыру, олардың кәсіби зерттеушілік және шығармашыл-танымдық қызметпен айналысуына қолдау жасау, ынталандыру.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, талантты тележурналист, қазақтілді Президенттік пулдың негізін қалаушы, Қазақстан Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты, ІІ дәрежелі «Қайсар» төсбелгісі мен «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері, Кербұлақ ауданы және Талдықорған қаласының құрметті азаматы Бейсен Абайұлы Құранбектің өмірлік ұстанымдарын насихаттау болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз