Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы жариялайды және жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетіні белгілі. Осы мереке қарсаңында №7 бөбекжай балабақшада комплаенс-офицер қызметінің жылдық жоспарына сәйкес “Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” атты іс-шара өтті. Мақсаты ата-аналар мен балабақша ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мен саналы ұрпақ тәрбиелеуде ынтымақтастықта бірігу. Балабақша меңгерушісі Гүлниса Тұлымшақованың айтуынша, бұл іс –шара негізінен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ағарту шаралары, осыған азаматтық қоғамды кеңінен тарту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар Жетісу облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі Г.Валиева, “Аmanat”партиясы Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Досмұхамедов, газет тілшісі Д. Мәкен, қалалық мәслихат депутаты Ш.Оразбаевтар қатысып, іс-шара шеңберінде ата-аналар мен білім мекемесі арасындағы ашықтық, адалдық пен ынтымақтастық жұмыстарға оң бағасын беріп, болашақ жұмыстарда жұмылуға сәттіліктер тіледі. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 0- төзімділік, парадан аулақ болуды кеңінен насихаттап балабақша тәрбиешісі А.Аязбай департаменттің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл бүкіл ұжымға үлкен ынталандыру мен әділ жұмыс жасаудың еленуінің көрінісі болды.
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты шараға «Парасат» ата-аналар және «Әділдік» балабақша қызметкерлерінен құралған екі команда қатысты. Сында команда мүшелері өз ойларын жақсы жеткізді. Алайда, сайыстың аты сайыс, белсенділік танытқан ата-аналар командасы «Парасат» жеңіске қол жеткізді.