Ұрпақтар сабақтастығының кешенді шаралары

339

«Мүшелтой аула клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі    Дания  Қыдырбаева  мен Жетісу облысы білім басқармасының бас маманы Руслан Арысланов  БАҚ өкілдерімен өткен жиында жыл бойы бірлесе атқарған жұмыстары турасында айтып берді.

 Айтар болсақ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бұйрығына сәйкес «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» атты жобасы Жетісу облысы бойынша  іске асырылуда. Бұл жобаның мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру және отбасы құндылығының патриотизм сезімін ояту арқылы халқымыздың  дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық байлықты арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға қабілетті халықты, ұрпақты рухани сауықтыру болып табылады.

Аталмыш  жобасы аясында біршама жұмыстар атқарылыпты. Мәселен,  арнайы кесте бойынша 96 дәріс, 152 сынып сағаты, 8 аудан және 2 қалада, 10 ауылдық округте фильмдерді көрсетумен 88 кездесу өткізілген көрінеді.

 «Дана ене, дара келін»  атты байқау облыстық деңгейде өткен.»Әке-асқар тауым» бейнероликтер конкурсы; «Ұрпақты тәрбиелеу» ұранымен «Дана ене, дара келін, зерек бала», «Әке-асқар тауым» облыстық конкурстарына қатысушылар қарасы көп болыпты. Жеңімпаздар  Алғыс хатпен қоса қаржылай сертификаттармен марапатталыпты.

«Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді.  Аудиоертегілердің тыңдау, әсіресе,   үйден шыға алмайтын мүгедек балаларға қолдау болып отыр. Кесте бойынша аптасына кемінде 2 рет  жүзеге асырылады. Бұған ата-аналар қатты қуанышты. Сондай-ақ, жаз айларында қала жастарына этнолагерь ұйымдастырылған.  Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында орналасқан көрнекті этнограф және тарихшы Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражайына барып,  Алтын Емел шатқалындағы ғалымның  жерленген жеріне барып тағзым еткен.

 Жалпы айтқанда, жобаны ақпараттық қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде 89 жарияланым жарияланды.

Спикер Руслан Арысланов ҮЕҰ бірлесіп өткізілген шаралардың балалардың танымдық көкжиегін дамытуға зор ықпал етіп отырғандығына тоқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз