Балалар үйінің түлектерімен өткен игі шаралар

321

  Жетісу  өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына келген спикерлер  «Айналайын» балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру » атты жобасы турасында баяндады. «Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бәрібаева Әсел Мақсұтқызы балалар үйі түлектерін қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды ортаға салды.

 Айтуынша,»Облыстық мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жоба мақсаты —  балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау үшін «Айналайын» орталығының қызметін ұйымдастыру, балалар үйінің кемінде 100 түлегімен   іс-шаралар  және консультациялармен  қамтылған.

Бұл жоба аясында балалар үйінің тәрбиеленушілерімен мемлекеттік қызметтерді түсіндіру, оның ішінде онлайн (E-gov) және қажетті өмірлік қызметтерді алу (емханаға, ТКШ-ға, тұрғын үй және балабақшаға кезекке қалай жүгінуге болады және т. б.) бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен қажетті ақпаратты қалай алуға болады»  атты буклеттер таратылған.

 Сондай-ақ, «Айналайын» балалар үйінің жазғы лагерінде «Қалыптасу» және «Менің таңдауым, менің жолым» атты 2 тренинг, Ескелді ауданы және «Айналайын» балалар үйінің интернатында «Өзіңе сен», «Сенімді қадамдармен» атты   басқосу  өтті.

Жалпы 48 адам қатысқан, оның ішінде,  балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жазғы және күзгі тимбилдинг ұйымдастырылды.  Жаттықтырушы — психолог   Екатерина  Токтарованың өткізген шараның мақсаты -интерактивті ойындар өткізу арқылы өзіңіздің бейімділіктеріңізді дұрыс анықтауға, нақты қабілеттеріңізді бағалауға, жоғары немесе төмен  қоймауға бағыттайды.

 Ең ерекше айтарлығы- балалар үйінің түлектері арасында бизнес-жобалар «Start App» конкурсы ұйымдастырылды.  Әр жобаның  4 жеңімпазы анықталып,  олардың әрқайсысына 1 млн. теңгеден берілді. Жеңімпаздар   Денис Лихтин «Тuffting кілем тігу» жобасымен,  Мария Щелчкова «Quetilon-кәдесыйлар шығару» жобасымен,  Жанна Айнагулова «Мен өзім» оқу орталығы» жобасымен, Светлана  Каменская  «Дұрыс тамақтану» жобаларымен ерекшеленді.

Үстіміздегі  жылдың 30 қазанында TEDx форматында «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілерінің түлектер форумы өткізілді. Форумның мақсаты-түлектердің жеке өсуін ынталандыру, әсіресе, балалар үйі аяқталғаннан кейінгі кезеңде, бірлескен қызметті ұйымдастыру арқылы белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, табысты тәжірибелермен бөлісті. Форумда қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Ілияс Түстібаев, «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж. Сейсембаева, форумның арнайы қонағы –»Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті Рафаэль Гасанов  сөз сөйледі,балалар үйінің үздік түлектері  – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Дарья Степанова, -Талдықорған қаласының №28 IT мектеп-гимназиясының ағылшын тілі оқытушысы  Құралай Кенбаева өз жетістіктерімен бөлісті.

Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары Жазира Ахметсапақызы  да балалар үйі түлектерімен өткізіліп жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталды. Мектеп жасындағы балалар алдыңғы  буынға қарап бой түзеп, өз мақсатарын айқындай алады деп ойын түйіндеді. Тәрбиеленушілердің мектепті аяқтағаннан соң да білім алуына жете мән беріліп отыр екен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз