Жетісу облысында сайлау күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде

Жетісу облысының бірқатар аудандарында мәслихат депутаттарының сайлауы күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды төмендетілген бағадағы сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында ет пен сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті сұранысқа ие өзге де тауарлар ұсынылды.

Осылайша, азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскелеріне келген ауыл тұрғындары дауыс берумен қатар қажетті азық-түлік өнімдерін де сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Көптеген тұрғындар сайлау учаскелеріне отбасыларымен келіп, жәрмеңкеден жергілікті өнімдерді сатып алды.

Айта кетейік, жәрмеңкелермен қатар, осы күні облыстың алты елді мекенінде тұрғындар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру ұйымдастырылды.

 

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Фотосуреттерді Ескелді аудандық әкімдігі ұсынды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз