Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуына бағыт беретін маңызды құжат. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтарын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын басты бағдар. Сондықтан ондағы әрбір өзгеріс елдің болашағы мен халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызды.
Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше мән берілген. Әсіресе, әрбір азаматтың құқығы қорғалып, заң алдында барлығы бірдей жауапты болуы – әділетті қоғамның негізгі шарты. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жастарға мүмкіндік беріліп, азаматтардың пікірі ескеріліп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артқан жағдайда оның нәтижесін сезінуге болады. Қорыта айтқанда, жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына, қоғамдағы әділдік пен бірліктің нығаюына негіз болуы тиіс. Ең бастысы, мемлекет пен халықтың арасындағы сенім нығайып, заң әрбір азаматтың құқығын қорғайтын басты күшке айналуы керек. Өйткені мықты мемлекет – ең алдымен, құқығы қорғалған, үні ескерілген және болашағына сеніммен қарайтын азаматтары бар мемлекет.
Динара Әшімхан





























