Пандемия басталғаннан бері Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 57 980 жағдайы тіркелді. Оның  43 424  жағдайы симптомды  белгілерімен.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2712,6 құрады. Соңғы екі аптаны салыстыру кезінде КВИ өсу қарқыны 0,02%-дан (28.12-03.01) 0,04% — ға (04.01-10.01) дейін ұлғайды. Соңғы аптада аурудың жоғары өсу қарқыны Алакөл -0,06%, Қарасай-0,17%, Кербұлақ-0,04%, Көксу-0,08% аудандарында және Қапшағай қаласында-0,09% байқалады.

    Соңғы тәулікте КВИ-дің 29 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар — 4.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Еңбекшіқазақ-5, Қарасай-15, Көксу-4, Панфилов-2, Талдықорған қаласы-3.

Сондай – ақ, 2022 жылғы 11 қаңтарда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компоненті 900 362 (75%), екінші компонентті – 839 646 (70%) адам алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK