«Рождество» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті

148

Рождество христово мерекесі- христиандардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Қазақстандағы христиан күнтізбесінде 7 қаңтарда көптен бері тойланып келеді.

2023 жылы 14 қаңтар күні, Достық үйінде “Қоғамдық келісім” КММ қолдауымен, «Алматы облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Рождество» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алғашқы құттықтау сөзді Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бимуханбетов Серік Дүйсенбайұлы алып, жиналған жұртшылықты «Рождество» мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ шарада түрлі қолөнер иелері  «Өрнек» Ансамбльі, «Ачимноуль» Халық ансамбльі, » Центр активных долголетий» Вокалдық тобы және өзгеде өнерпаздар өнерлерін көрсетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз