Жетісу облыстық «Мың бала» байқауы

755

2022 жылдың, 26 желтоқасан күні, Достық үйінде Қоғамдық даму басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқау мен марапаттау рәсімі өткізілді.Жобаның негізгі мақсаты – әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу.

Байқаудың алғысөзін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а, Усанова Руфина Қасымқызы бастап берді. Ол қатысушыларға байқаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сәттілік тіледі.

Әділқазылар құрамында Облыстық Жетісу газеті редакторының орынбасары, ақын, Әміреев Жұматай Оспанұлы, Қазақ салт-дәстүрі орталығының төрағасы, Шыныбаев Серікбол Төлеутайұлы, Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Құрметбек Сансызбайұлы болды.

Аталған жобаға «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнерлі өрге жүзер», «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша 2 қала, 7 ауданнан жалпы саны 22 жастар қатысты.

Нәтижесінде, «Өнер алды қызыл тіл» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Алакөл ауданы, Үшарал №2 орта мектеп оқушысы, Сиддиков Абдулло;

1  орын – Панфилов ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мекиеп оқушысы, Қанат Жания;

2 орын – Текелі қаласы, №4 орта мектеп КММ оқушылары, Матковский Артем және Тимошенко Олег;

3 орын – Ақсу ауданы, Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп оқушысы, Александрова Аида иеленді.

«Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша;

Бас жүлде – Алакөл ауданы, №2 орта мектеп оқушысы, Сұлтан Аружан;

1 орын – Көксу ауданының намсысын қорғаған, Түркістан Ерасыл;

2 орын – Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектеп оқушысы, Кенжебек Нұрай;

3 орын – Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектеп оқушысы, Жігерұлы Жантөре лайық деп танылды.

Жарқыра жас дарын номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Алакөл ауданы, Арқарлы орта мектеп оқушысы, Нүркенов Мұхаметқали;

1 орын – Текелі қаласы, №4 орта мектеп КММ оқушысы, Тохтахунова Реалина жеңіп алды.

Жеңімпаздар дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз