Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбіарқылы өтетін суасты талшықты-оптикалық байланысжелісін тартып, өз телекоммуникация жүйелеріналғаш рет өзара байланыстырды. Жобаның салтанаттыіске қосылуына Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ӘзербайжанРеспубликасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Жаңа инфрақұрылым Азия мен Еуропа арасындадеректер жеткізетін қосымша бағыт ашып, Қазақстанның халықаралық цифрлық транзиттегірөлін күшейтеді.
Транскаспий ТОБЖ-сі Қазақстанның Қытайғашығатын құрлықтағы желілерін Әзербайжанныңинфрақұрылымымен, ары қарай Кавказ бен Еуропажелілерімен тоғыстырады. Осылайша, халықаралықтрафикті өткізу мүмкіндігін кеңейтетін жәнеқолданыстағы байланыс арналарын сақтандыратынжаңа бағыт қалыптасады.
Бұл желінің іске қосылуы Қазақстан үшінхалықаралық байланыс орнықтылығының артуынжәне ғаламдық желіге шығу бағыттарыныңәралуандығын білдіреді. Балама маршруттың болуыбайланыс операторларына деректер ағынын икемдібөлуге және жекелеген бағыттарға тәуелділіктіазайтуға жол ашады. Ал аймақ үшін жобахалықаралық цифрлық инфрақұрылымға қосылудыңжәне Азия мен Еуропаның ірі нарықтары арасындағытранзитті дамытудың қосымша мүмкіндіктерінжасайды.
Суасты кабеліне 64 оптикалық талшықорналастырылған. Желінің жобалық өткізу қабілеті400 Тбит/с-тан асады. Бұндай қуат қоры деректертасымалын арттыруға және жоғары жылдамдық пен сенімді байланысты талап ететін сервистерді дамытуғаберік негіз болады.
Сонымен қатар жаңа бағыт Қазақстанда деректерөңдеу орталықтарын (ДӨО), бұлтты платформалардыжәне жасанды интеллектке арналған есептеуқуаттарын орналастыру мүмкіндігін арттырады. Халықаралық технологиялық компаниялар үшінсыйымды байланыс арналарының болуы мен сигнал кідірісінің төмендігі — алаң таңдауда және шетелдікклиенттерге қызмет көрсетуде басты шарттардың бірі. Уақыт көрсеткіштеріне сүйенсек, Ақтау — Ыстанбұлбағытындағы сигнал кідірісі небәрі 34 миллисекундтықұрайды.
Халықаралық байланыс деңгейін арттыруҚазақстанға деректер транзитін арттырып қанақоймай, оларды сақтау мен өңдеу бойынша дербесқызметтерін де дамытуға жағдай жасайды. Бұлотандық технологиялық компаниялардың сыртқынарықтарда жұмыс істеуіне жол ашып, елдің цифрлықинфрақұрылымға инвестиция тарту тартымдылығынарттырады.
Болжамға сәйкес, жаңа бағыттың арқасындатранзиттік трафик көлемі екі еседен астам өсіп, таяужылдары 21,6 Тбит/с-қа жетуі мүмкін.
2025 жылы белсенді жұмыстар басталғаннан кейінжеліні іске қосқанға дейін екі жылдан аз уақыт өтті. Жобаны жүзеге асыру үшін теңізде зерттеулержүргізіліп, маршрут кеме қатынасы, әскери жәнемұнай-газ қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырыпкелісілді, сондай-ақ Каспий теңізінің түбіне кабель төсеудің техникалық күрделі жұмыстары орындалды.
Каспий теңізі арқылы өтетін талшықты-оптикалықбайланыс желісінің іске қосу – екі ел президенттерініңқолдауымен жүзеге асқан ортақ жоба және Қазақстанмен Әзербайжан арасындағы стратегиялықсеріктестікті нығайтудың нақты дәлелі.
ҚР Жасанды интеллект жіне цифрлық
даму министрлігінің баспасөз қызметі


























