Ақсу ауданында 1000-ыншы сайлаушыға арнайы сыйлық табысталды

1
Screenshot

Жетісу облысы Ақсу ауданындағы №2 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген 1000 сайлаушыға арнайы сыйлықтар берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайлау күні учаскеге келген тұрғындарға осындай ықылас көрсетіліп, дауыс беру науқаны мерекелік көңіл күйде өтті. Сыйлықтар азаматтардың сайлауға қатысуына орай табысталды.

Айта кетейік, сайлау – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысып, өз таңдауын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды науқан. Ақсу ауданындағы бұл бастама дауыс берушілерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз