Елімізде заңсыз митинг ұйымдастырып, ереже бұзған азаматтарға ірі көлемде айыппұл салынады. Бұл туралы «Jetisy’Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіров мәлімдеді.

Оның айтуынша, митинг, пикет және басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу үшін алдымен жергілікті атқарушы органға 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша өтініш келіп түсуі керек. Егер өткізу ережесі бұзылған жағдайда 200-ден (583 400 теңге) 2 мың (5 834 000 теңге) айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл қарастырылған.

«Жалпы, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген заң бұзушылықтың жолын кеседі. Сондай-ақ, біз құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтын боламыз», — деп қорытындылады Ілияс Серікжанұлы.

Ал, өз кезегінде сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заң нормаларын түсіндіріп өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK