ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасына қарасты «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінде «Ават» орта мектебінің оқушылары мен «Жас шекарашылар» ұйымының мүшелеріне арналған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шекара қызметі туралы түсінігін кеңейтіп, әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға Шекара қызметінің негізгі бағыттары, шекаралық бақылауды ұйымдастыру тәртібі және қызметте қолданылатын техникалық құралдар мен өзге де күштер мен құралдардың мүмкіндіктері таныстырылды. Мамандар олардың қызмет барысында қолданылу ерекшеліктерін түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























