Әскери оқу орындарына түсу тәртібі түсіндірілді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері, майор Бақытжан Шөмшекбаев Атамекен ауылындағы А. Розыбакиев атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Ресей мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу және іріктеу кезеңдері түсіндірілді. Сонымен қатар әскери мамандықтар, дене даярлығы, курсанттардың материалдық-әлеуметтік қамтамасыз етілуі және оқу аяқталғаннан кейінгі қызмет мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз