Бүгін Астанада «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесі басталды.
Жыл басынан бері жергілікті жолдарда 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасы зерттеліп, олардың 32%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Сонымен қатар анықталған 1 997 бұзушылықтың әзірге 214-і ғана жойылған.
📌 Семинарда жол диагностикасы, анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жол сапасын бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері талқылануда.
JOLSAPA мамандары диагностика нәтижелері жолдарды жөндеу бойынша шешім қабылдаудың негізі болуы керектігін атап өтті.





























