2026 жылғы 22 қыркүйекте Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжінде жастар арасында адалдық пен жауапкершілікті дәріптеуге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті.
Жиынға Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Шаихов Алмас Құдайберұлы модераторлық етті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Арыстан Асқарұлы адалдық қағидатының қоғамдағы маңызы туралы баяндама жасады.
Форумға комплаенс-офицерлер, педагогтер мен студенттер қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сауаттылық мәселелерін талқылады.
Адал қоғам – ортақ жауапкершілік!
#Адалдық #ӘділҚоғам #СаналыҰрпақ #Жетісу #Талдықорған

























