Астанада белгілі әнші Қайрат Нұртас концерт берді. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер бірден тарамай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Акцияға қатысушылар концерт аяқталған соң қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді. Олар өз үлгісі арқылы ауқымды мәдени іс-шаралар кезінде қоршаған орта тазалығына әркімнің жауапкершілікпен қарай алатынын көрсетті.
«Бүгін достарыммен бірге сүйікті қазақстандық өнерпазымыздың концертін тамашалауға келдік. Кештен жақсы әсер алдық. Концерт аяқталған соң аумақты тазартуға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл – қала тазалығына қосқан шағын үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қала тазалығын сақтау әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталатынын көрсетеді.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan




























