Мемлекет басшысы саммитке қатысушы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай табысқа жеткеніне назар аударды

1

– Елдеріміздің арасында тарихтан тамыр тартатын бауырластық байланыстар қалыптасқан. Бұл ретте өңірдегі мемлекеттер халқымен біте қайнасып кеткен корё-сарам қауымы айрықша рөл атқарады. Корей диаспорасы Орталық Азия мен Корея арасындағы достыққа дәнекер болып отыр. Қазақстан елімізде пана тауып, өсіп-өнген корей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауына ерекше қамқорлық көрсетті. Келесі жылы корейлердің Орталық Азияға жер аударылғанына 90 жыл толады. Осыған орай тарихи уақиғаға арналған іс-шара ұйымдастыруды ұсынамын. Жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз