Жоғары оқу орындарына түсу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Сарыөзек аумағындағы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеу және қабылдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу «Күреңбел қазақ орта мектебі», «Сарыөзек орта мектебі», Д.Қонаев атындағы және №49 орта мектептерде өтті. Оқушыларға Қазақстан, Ресей және Түркия жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, білім алу мүмкіндіктері және әскери-шекара қызметі саласындағы мамандықтар туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға «Алтынкөл» шекаралық бақылау бөлім бастығының орынбасары капитан М.Усен және «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінің жүргізушісі, кіші сержант А.Тілеубаев қатысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз