Мемлекет басшысы Lotte Group компаниясының басқарма төрағасы Дон Бин Шинді қабылдады

4

Қасым-Жомарт Тоқаев Lotte компаниясы екі елдің экономикалық ықпалдастығын нығайтуға елеулі үлес қосқан сенімді серіктес екенін атап өтті.

Президент кореялық компанияның еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі қызметін жоғары бағалап, «Рахат» брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымын жандандырып, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру жөніндегі Lotte Global Logistics жоспарына тоқталды.

Кездесу барысында қонақ үй бизнесін дамыту мәселесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Алматыда Lotte брендімен салынатын алғашқы қонақ үй құрылысына қатысты келісімді құптап, компанияның Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту тұрғысынан бұл бастаманың келешегі зор екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз