Жетісуда 8 айда бейнекамералар көмегімен 281 қылмыс ашылған

4

Жетісуда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи цифрлық технологияларды қолдану жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылдың сегіз айында облыс аумағында бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылып, 24 434 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары аталған кезеңде 193 қылмыстың ашылуына ықпал етіп, 10 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау үдерісін жетілдіру мақсатында облыста «Омниканалды» жоба да іске асырылуда. 2026 жылы аталған жүйе арқылы 542 хабарлама тіркелген. Оның 439-ы «Заң мен тәртіп» мобильді қосымшасы арқылы келіп түскен.

Бұл азаматтардың құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты жедел жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи технологиялар полицияның оқиғаларға дер кезінде ден қоюына және халықпен кері байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүрген адамдарды анықтап, олардың тарапынан жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз