ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларға арналған «Ерлік сабағы» өтті.
Кездесуге Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы полковник Мирулла Зайдуллаев қатысып, оқушылармен Отанға қызмет ету, азаматтық жауапкершілік және ел қауіпсіздігі туралы әңгімелесті. Жастар ардагерге әскери қызмет пен ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу оқушылардың Отан қорғау, елге адал қызмет ету және жауапкершілік туралы түсінігін кеңейтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























