ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Селті» шекара бөлімшесі мемлекеттік шекараны қырағылықпен күзетіп келеді.
Бөлімшенің әскери қызметшілері таулы аймақтағы күрделі жағдайға қарамастан жауынгерлік міндеттерін орындайды. Жеке құрамның жауынгерлік, дене және атыс даярлығына тұрақты көңіл бөлінеді.
Шекарашылар жергілікті тұрғындармен де байланыс орнатып, шекаралық режим талаптарын сақтау және күдікті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінде «Селті» шекара бөлімшесінің жеке құрамы ел шебін сенімді күзетіп, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























