№42 балабақша жеңімпаз атанып, облысқа жолдама алды

175

«Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мен «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастырған «Бала тілі-бал» қалалық  бүлдіршіндер байқауы өтті.

«Құрама үлгідегі №2 ясли-бақшасы»  МКҚК-ның базасында өткен байқаудың мақсаты – балалардың мемлекеттік тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; тіл байлығы мен мемлекеттік тілге деген деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.   Олар байқау шартына сәйкес топты таныстыру,  өнерлерін көрсету, сұраққа-жауап, мақалды жалғастыру кезеңдерінде өзара бақ сынасты.

Байқау жоғары деңгейде бағаланды. Қатысушыларға жүлделі орындар берілді.  Атап айтсақ, бас жүлдеге  «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 балабақшасы лайық деп табылып,  облыстық «Бала тілі – бал» бүлдіршіндер байқауына жолдама алды. Жүлделі I-орынды №45 «Арман» балабақшасы МКҚК иеленді.  II -орындарды  №5 ясли-бақшасы, №8 «Күншуақ»  бөбекжай-балабақшасы, III- орындарды №4 ясли-бақшасы, №12 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы және №14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы қоржындарына салды. Жеңімпаз балалар сыйлықтармен марапатталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз