Талдықорғандағы «Тәубе» мешітінде тұрмысында қиыншылығы бар 41 отбасына азық-түлік себеті табыс етілді. Қайырымдылық шараны қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай мешіт имамдары ұйымдастырып, күндердің сұлтаны саналатын жұма күні таратты.

Шара барысында «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов жалпы жұртты келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жүрекжарды ізгі тілегін жеткізді. Түрлі азық-түлік салынған әр қалтаға күнделікті халық ең көп тұтынатын  ұн, май, қант, күріш, кеспе, тәтті тоқаштар мен басқа да заттар салынған. Бұл заттар көпбалалы аналарға, отбасылық жағдайы төмен және мұқтаж жандарға берілді.

Бас имамның айтуынша, мұндай жоқ-жітікке көмек көрсету ісі мешіт тарапынан еш тоқтаған емес. Баска да мұқтаж адамдарға көмек көрсетумен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен құрылған «Зекет» қорының «Ел үлесі –пәтерге» жобасы аясында  көптеген баспаналар берілуде. Енді, міне, Алла қаласа бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық аймағындағы мешіттерде мереке кезінде де түрлі қайырымдылық шарасы жалғаса бермек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK