ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі вакцинациялау мерзімін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды  ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:

-коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;

-19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;

-«Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;

-19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;

-ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;

-19 шілдеге дейін «Ashyq» сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;

-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;

-жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK