18 жастағы Әділеттің алғаш рет дауыс беруі

2

Бүгін 18 жасқа толған Әділет есімді жас азамат Ұлттық құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өмірінде алғаш рет дауыс берді.

Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше мәнге ие. Алғаш рет өз таңдауын жасау арқылы ол елдің қоғамдық өміріне азамат ретінде қатысып, өз пікірін білдірді.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі азаматтық міндет. Еліміздің болашағына өз үлесімді қосып, дауысым арқылы өз таңдауымды білдіргеніме қуаныштымын», – деді Әділет. Алғаш рет дауыс берген жас азамат өз қатарластарын ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараларға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз