Ел ағасы – елдік істің өнегесі

4

Дүненбаев Тұрлыхан Бакебайұлы – бүгінде Ортатөбе ауылының қадірлі тұрғыны, спорт саласының ардагері, Қаратал ауданының Құрметті азаматы. Биыл 93 жасқа табан тіреген ақсақал – елге сыйлы, жастарға ақылын айтып, батасын беріп жүрген абыз қария.

Жастық шағында спортпен шұғылданып, әсіресе гимнастикамен айналысқан атамыз ғұмырын салауатты өмір салтын насихаттауға, кейінгі буынға өнеге көрсетуге арнап келеді. Бүгінде ақсақалдың әрбір сөзі мен батасы – кейінгі ұрпаққа үлкен тағылым. Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын ардагер бүгін де азаматтық ұстанымын танытып, Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. 93 жастағы ел ағасы №163 сайлау учаскесіне, дауыс беріп, көпшілікке үлгі болды.

«Елдің ертеңі – елдің бірлігінде, әр азаматтың белсенділігінде» деген ұстанымды өмірлік серік еткен Тұрлыхан Бакебайұлының бұл қадамы – жас ұрпаққа нағыз азаматтық өнеге.

Ақсақалдың елдік іске араласуы – кейінгі буынға берер батасы мен өнегесінің жалғасы. Осындай ел ағаларының өмір жолы – тұтас бір ұрпаққа тағылым, ал азаматтық белсенділігі – көпке үлгі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз