Жетісу рекорд орнатты

3
Screenshot

Астана қаласындағы Qazaq Creativt алаңында «ЖЕТІСУ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ» мәдени-креативті жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Жетісу облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, туристік әлеуеті мен заманауи креативті индустриясын бір арнаға тоғыстырған ауқымды шара екі күнге жалғасты.
Дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан креативті кеңістікте «Zhetysu Creative Aimaq» Жетісу өңірінің бай шығармашылық әлеуетін жан-жақты танытты. Жәрмеңкенің алғашқы күнінде 2 миллион теңгеден астам өнім сатылды. Креативті жәрмеңкеге 2 күнде 5 мың елордалық мейман Жетісудың тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, туристік әлеуеті мен заманауи креативті индустриясын тамашалауға келді.

Қазақи нақышты заманауи стильмен ұштастырған атақты дизайнер Зере Есенбай 40 миллион теңге көлемінде келісімшарт жасасты. Елорда төріндегі бұл шара өңірдің тек табиғаты көркем өлке ғана емес, өнері өркендеген, талантты жастары мен еңбекқор шеберлері бар аймақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Нәтижесінде дизайнер Зере Есенбайдың 40 миллион теңге көлеміндегі келісімшартқа қол қойып, Жетісудың шығармашылық қуаты 16 миллион теңгеге жетіп, жалпы экономикалық нәтиже 56 миллион теңгені көрсетті. Осылайша Жетісу облысы өзге өңірлермен салыстырғанда жәрмеңке өткізуден рекорд орнатты.

Дәстүрін сақтай отырып жаңашылдыққа ұмтылған, ұлттық өнерді технологиямен ұштастырған, қолөнерді кәсіпке айналдырып, жергілікті өнімді бренд деңгейіне көтеріп жүрген шеберлердің еңбегі – креативті индустрияның болашағы зор екенін көрсетті.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Астана қаласы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз