Ел тарихындағы айтулы белес

3
Screenshot

23 тамыз – ел тарихындағы айтулы белес, тарихи таңдау күні. Сайлауға жеті саяси партияның қатысуы елдегі саяси бәсекелестіктің артып, демократиялық үдерістердің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын аңғартады. Бұл – азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Сонымен қатар, халықтың саяси мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің нығайып келе жатқанының дәлелі. Құрылтай депутаттарының сайлауы – кезекті саяси науқан ғана емес. Бұл – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды кезеңдердің бірі, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі бұл өзгерістер азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға негіз қалайды.

Томирис Ержан, қала тұрғыны

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз