Ел болашағы – әр азаматтың таңдауында

5
Screenshot

Елдің ертеңі – әр азаматтың бүгінгі таңдаған бағыты мен қабылдаған шешіміне тікелей байланысты. Қоғамдық өмірге белсенді араласу, маңызды саяси науқандарға қатысу және азаматтық ұстанымын ашық білдіру – демократиялық қоғамның негізгі қағидаттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауының маңызы зор. Құрылтай – қоғамның түрлі саласының өкілдерін бір мақсатқа жұмылдыратын, елдің дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланатын маңызды қоғамдық алаң. Мұнда азаматтардың ұсыныстары мен бастамалары сараланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған тың идеялар ортаға салынады. Сондықтан Құрылтай жұмысына белсенді әрі жауапты азаматтардың қатысуы ел мүддесі үшін аса маңызды.

Нұргүл Қанат, қала тұрғыны

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз