23 тамыз күнгі Құрылтай сайлауы кезінде Жетісу өңіріндегі дауыс беруші азаматтар өз учаскесін онлайн платформалар арқылы таба алады. Ол үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервис іске қосылды. Мұнда сайлаушылар өзіңді табу жолағына ЖСН енгізе отырып, тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесін таба алады. Сайт автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, оның мекен-жайын, байланыс телефонын және комиссия құрамын көрсетеді.




























