Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

6

Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтерде сайлаушыларменкездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі болғанымен, олардыңбәрін біріктірген ортақ өзекеңбек адамы және оныңкүнделікті мәселелері болды.

 

Көкшетауболашақ қалалар туралы

 

«Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысыныңтұрғындарымен кездесті. Партияның республикалықсайлауалды штабы ұйымдастырған кездесудекөкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамалардыұсынды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге арналғанбірыңғай цифрлық платформаны іске қосу, колледждерге жасанды интеллект технологияларыненгізу, коммуналдық желілерді жаңғырту және жаңажұмыс орындарын құру бар.

 

Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшылармен, жаттықтырушылармен, өнеркәсіпкәсіпорнының ұжымымен, сондай-ақ туризм жәнешипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті. Кездесулерде спортты, туризмді, кәсіпкерлікті жәнеагроөнеркәсіп кешенін дамыту, фермерлерді қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумәселелері талқыланды.

 

Кездесулердің бірінде Ақмола облыстықолимпиадалық резервті даярлау орталығыныңәдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықтыжеріне немесе отбасының материалдық жағдайынақарамастан тегін спорт секцияларына теңқолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

 

Мектепреформаның бастауы

 

ЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесінебайланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналғанарнайы конференция өткізді. Депутаттыққакандидаттар, педагогтер мен сарапшылар білімсапасы, кадр тапшылығы, мектепинфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдердіқолдау мәселелерін талқылады.

 

Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікіргекелді: мектепте жүйелі реформалар жүргізілмейінше, бәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын.

 

Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өзұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясыныңPISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алып, мұндай тәсілмәселені шешудің орнына кінәліні іздеугеұқсайтынын айтты.

 

Оның пікірінше, ауыл мектептері бастапқыдан-аққалалық мектептермен тең жағдайда емес. Сондықтан олардан бірдей нәтиже талап етуорынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді.

 

Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына білім беру ортасындамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды.

 

Экология – дәрігерлер көзімен

 

«Байтақ» партиясы үшін экология мәселесіденсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты.

 

Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалықемхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысындамедицина саласының жай-күйі, өңірдің экологиялыққауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғаумәселелері талқыланды.

 

Партияның пайымынша, нақты шешімдер кеңсеқабырғасында емес, күн сайын халықпен жұмысістейтін мамандардың пікіріне сүйене отырыпқабылдануы тиіс.

 

Тарихи жадысаяси күн тәртібінде

 

Қазақстан халық партиясы кеше тарихи жадытақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіружұмыстарын, архивтік зерттеулерді және патриоттықжобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдықаймақ» бірлестігімен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды.

 

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, оның арғы атасы ондаған жыл бойы хабар-ошарсызкеткендер қатарында саналып келген. Кейін іздестіружасағы оның жерленген орнын анықтаған.

 

ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудіңжәне тарихи шындықты сақтаудың маңызды бөлігідеп есептейді.

 

Кеншілер өлкесіндегі кездесулер

 

Кеше Қостанай облысына төрағасы ҚайратАйтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен жәнеауыл тұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіпкешенін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жәнеинфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады.

 

Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолыбасталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихатакциясымен аяқталды.

 

Ал дәл осы уақытта Қарағандыға «Ақ жол» партиясының төрайымы Дәния Еспаева барды. «Seven Refractories Asia» ЖШС ұжымымен кездесудеотандық өндірушілерді қолдау, жаңа жұмысорындарын ашу, салық саясаты және өнеркәсіптідамыту мәселелері сөз болды.

 

Соңғы күндері бірнеше партияның Жезқазған мен Қарағанды облысын кездесу алаңы ретінде таңдауыкездейсоқ емес. Бұл өңірлер ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқанеңбек адамдарының символына айналған. Бағдарламалары әртүрлі болғанымен, еңбеккеқұрмет тақырыбы көптеген партияларды ортақұстаным төңірегіне топтастырып отыр.

 

Жезқазғандағы пікірталас

 

Respublica партиясы Жезқазғанда өз жақтастарыныңфорумын өткізіп, онда өңірдің өнеркәсібі, жолдарының жағдайы, медицинасы және білім беру саласы талқыланды.

 

Алайда көпшіліктің назарын бағдарламалықұсыныстардан гөрі Мейір Алпысовтың «Ақ жол» партиясының сынына берген жауабы аударды.

 

Ол мемлекет азаматтарын «ұры немесе жемқор» ретінде қабылдамауға шақырып, шетелде табыстауып жүрген қазақстандықтардың қаражатын ел экономикасына инвестициялауға жағдай жасау қажетекенін айтты. Оның пікірінше, оларды әлеуетті заңбұзушы ретінде қарастыру дұрыс емес.

 

Осылайша, бір күннің ішінде сайлауалды науқандаекі негізгі пікірталас айқындалды. Оның бірімектептерге айыппұл салу мәселесіне, екіншісішетелде бизнес жүргізетін қазақстандықтарға дегенсенімге қатысты болды. Бұл сайлау жақындағансайын партиялардың өзара ашық пікірталасқа жиітүсіп жатқанын және олардың бағдарламаларыарасындағы нақты айырмашылықтардың барғансайын айқындала түскенін көрсетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз