Бүгінде қауіпсіздік деп құтқару қызметі дабыл қанымен ескертуді қаперге алатындар санаулы. Статистикалық мәліметтер қазіргі кезде балалардың ата-ана назарынан тыс қалып, жарақат алып, немесе өмірмен ерте қоштасып жатқандарын алға тартуда. Келеңсіз жағдай, Алматы облысының орталығында да тіркелген. 2017, 2019 жылы туылған қос бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

«Ересектерге айтарымыз, терезені ашық қалдырмаңыздар. Терезенің алдына үстел, орындық, сынды заттарды қоймаңыздар. Балалар өте жылдам әрекет ететіндіктен, оларды қатер алдында құтқарып үлгермей қаласыздар. Олардың қауіпсіздігі сіздердің жауапкершіліктеріңізде»,- дейді Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Алматы облысының ТЖД  қайғылы жағдайларын болдырмау үшін ата-аналарға келесі ережелерді ескертеді:

— Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық ұстамаңыз!

— Ешқашан масаға арналған торларды пайдаланбаңыз-балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетеді!

— Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз!

-Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз — оны әрдайым мықтап бекітіңіз, баланың өткір қимылына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.

— Мүмкіндігінше терезелерді «төменнен» емес, «жоғарыдан»   ашыңыз»;

— Терезелерге арнайы құрылғыларды қойыңыз немесе бекітетін тұтқаларды бұрап алыңыз, бала терезені өз бетінше аша алмауы үшін оларды жоғары қойыңыз;

Осы ережелерді сақтау кішкентай періштеңіздің өмірін сақтайды! Ата-аналар сақ болыңыздар!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK