Құрылтай сайлауы – маңызды кезеңнің бірі

5
Screenshot

23 тамыз – ел тарихындағы айтулы белес, тарихи таңдау күні. Сайлауға жеті саяси партияның қатысуы елдегі саяси бәсекелестіктің артып, демократиялық үдерістердің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын аңғартады. Бұл – азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Сонымен қатар, халықтың саяси мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің нығайып келе жатқанын дәлелі. Пропорционалдық сайлау жүйесі партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп қана қоймай, олардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыруға, бағдарламалық ұстанымдарын жетілдіруге және қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін кеңірек қамтуына мүмкіндік береді. Мұндай жүйе саяси пікір алуандығын дамытуға, халықтың таңдау еркіндігін қамтамасыз етуге және өкілді билік институттарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауы – кезекті саяси науқан ғана емес. Бұл – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды кезеңдердің бірі, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі бұл өзгерістер азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға негіз қалайды.

Ләззат Кәмелқызы, қала тұрғыны

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз