«Басқан» – қырағылық мекені

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Басқан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Бөлімше жеке құрамы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында шекара заңнамасын түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Сонымен қатар, «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесі арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы үш жылда бөлімшенің жауапкершілік учаскесінде шекара режимін бұзған қырыққа жуық азамат заң талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде аға лейтенант Жаннұр Құлжабаев басқаратын «Басқан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері қалыптасқан жауынгерлік дәстүрді лайықты жалғастырып, мемлекеттік шекараның тыныштығы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқаруда.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз