Мониторинг

2

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг аясында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Мониторинг қорытындысы бойынша Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 «Күншуақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен «№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптарына сәйкес келмегені анықталды, бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Департамент тарапынан нұсқамалар шығарылды.

Бүгінгі таңда монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз