Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне кезекті мониторингінжүргізіп жатыр.
Мониторингтің басты мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алуын, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған мониторинг мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет атқаратын мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты, 2026 жылдың 1 шілде мен 1 қыркүйекаралығында Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.



























