Әскери тәртіп пен спортты қатар ұштастырған сарбаз

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ерғали Советхалый тәртіптілігімен және спорттық жетістіктерімен ерекшеленіп, «Үздік спортшы» атағына ие болды.

Үшарал қаласының тумасы әскери қызметтің жауапкершілікке, төзімділікке және жолдастыққа тәрбиелейтінін атап өтті. Жас сарбаз жетістігін тұрақты жаттығу мен табанды еңбектің нәтижесі деп санайды.

Ерғали Советхалый үшін Отан қорғау – қасиетті міндет. Ол әскери қызметті адам мінезін шыңдайтын үлкен өмір мектебі деп бағалайды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз