Конституцияның негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді

3

Департамент қызметкерлері және Жетісу облысының туризм басқарма мемлекеттік қызметкерлері және «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы КММ-нің қызметкерлері қызмет туралы заңнама, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары бойынша семинар-кездесу өткізді.
Семинар мақсаты — заңдылық қағидаттарын, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, оның құқықтық салдары және заңмен көзделген жауаптылық түрлері және Конституция құндылықтары туралы кеңінен баяндалды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР жаңа Заңының негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді. Шара қорытындысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауап алды. Кездесу мазмұнды өтіп, жаңа Заң мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз