Еліміздің тұғыры биік болсын!

206

Құрметті, жетісулықтар! Сіздерді ұлттық мереке Республика күнімен құттықтаймын. Ұзақ жылдардан кейін қайта жаңғырған мереке егемендігіміздің нышаны болмақ. Еліміздің тәуелсіздігін мәңгілік ету үшін бала тәрбиесі мен білімі аса маңызды. Осы істе қоғамға орасан зор еңбек сіңіріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің орны бөлек. Әр оқушының білімге деген құштарлығын арттыра отырып, дұрыс құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал етуде. Еліміздің ертеңі білімді жастардың қолында.

Құрметті, оқушылар! Берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, еліміздің жарқын болашағына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға кәміл сенемін. Алдағы уақытта қажырлы еңбек пен толағай табыс тілеймін! Республика күні құтты болсын! Еліміздің тұғыры биік болсын!

Айым Бикурманова, Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2022 жылғы түлегі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз