9 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Манап Кербұлақ ауданының мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңындағы өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы нормалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізіп, өзекті мәселелерімен таныстырды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.





























